Әлем

01.12.19 Екі мемлекет арасын метро жалғамақ

Женевада 15 желтоқсанда Lemans Express жеңіл метросы іске қосылады. Бұл метро Швейцария мен Франция қалалары арасын жалғайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Neue Zurcher Zeitung басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

01.12.19 Премьер-министр отставкаға кетті

Ирактың үкімет басшысы Әділ Абдул Махди елде жаппай наразылық жалғасып жатқан тұста парламентке отставкаға кету туралы өтініш берді. 

30.11.19 Twitter жұмысы тоқтады

Downdetector мониторинг порталының хабарлауаншы, 30 қарашада бүкіл әлемде Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы тоқтап қалды.

29.11.19 Машкеевичтің қызы сотқа тартылуда

Financial Times басылымы ENRC корпорациясының негізін қалаушылардың бірі – олигарх Александр Машкеевичтің қызы Анна Машкеевичке тағылған айып бойынша аса ірі көлемдегі қаржылық-алаяқтық істерге қарсы күрес жүргізетін британдық (SFO) тергеу бөлімі оның шағымын қанағаттандырмай тастағанын хабарлады («Дочь Машкевича не смогла обжаловать предъявленное обвинение», Время газеті).

29.11.19 Ресей баллистикалық зымырандармен қазақ жерін «бомбалап» жатыр

Ресейдің «Тополь» атты баллистикалық зымыраны Қазақстанда орналасқан полигондағы жаттығу нысанына дәл тиген. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

28.11.19 Шумахердің денсаулығы қалай?

Формула-1 бәйгесінің белгілі неміс шабандозы Михаэль Шумахер өзінің денсаулығына қатысты ақпаратты жарияламауын өтінген. Бұл жөнінде британдық Sun таблоиды хабарлайды.

28.11.19 Экс-президент тағы сотталды

Бразилия соты елдің бұрынғы президенті Инасиу Лула да Силваға жаңа айып тағылып, оның түрмеге отыру мерзімін 17 жылға дейін ұзартты.

28.11.19 АҚШ-Қытай қатынасы ушығуы мүмкін

Қытай Гонконгтегі ереуілшілерге қолдау көрсететін заң қабылдағаны үшін АҚШ билігіне қатаң ескерту жасады. «Қытай үкіметінің басқаруындағы қаланың ішкі шаруасына араласу – Американың қиындықтарға тап болуына алып келеді» деп ескертілген ресми мәлімдемеде.