Әлем

10.05.20 Кәрістер коронавирус кесірінен клубтарды қайта жапты

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандар санының өсіне байланысты клубтар мен барлар қайта жабылды. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналы хабарлады.

10.05.20 3,8 миллионнан астам адам індет жұқтырған

Әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 3,8 миллионнан асқан. Ал қайтыс болғандар саны 265 мыңға жеткен, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

10.05.20 Грузия шекарасын ашады

 Грузия 18 наурызда жабылған шекараларын қайта ашуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулерді біртіндеп жеңілдетіп жатыр. 

09.05.20 Келесі аптада балабақша мен мектеп ашылады

Франция оқу жылын қайта жаңғыртуға дайындалуда. Келесі аптада елде балабақшалар мен бастауыш мектептер ашыла бастайды

09.05.20 Қытайда мектеп оқушыларына маска тақпауға рұқсат берілді

 Қытайда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне маска тақпауға рұқсат берді. Бұл ереже Қытайдың эпидемиологиялық қауіп дәрежесі төмен аймақтарында орналасқан бастауыш және орта мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қатысты.

09.05.20 Австралияда карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдейді

Австралия билігі карантин режимін алып тастау туралы жоспарын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

09.05.20 ДДСҰ Жеңіс мерекесін тойлаудан бас тартқан елдерге алғыс білдірді

Әлемді жайлаған коронавирус Жеңіс мерекесіне де тежеу болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Пандемияға байланысты Мәскеу дәстүрлі әскери шеруді кейінге шегерді. Ертең тек әуе парадымен шектелмек.

09.05.20 Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында оқ атылды. Бұл жайында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.