Әлем

09.12.19 Латвия орыс тілінен түбегейлі бас тартты

Латвия мектептері енді орыс тілінде білім бермейтін болды. Осы елдің Конституциялық соты таяуда осындай шешім шығарды. Бұл тек мемлекеттік мектептерге ғана емес, жекеменшік мектептерге де қатысты.

09.12.19 Илон Маск сотта жеңіп шықты

Жала жапты деп айыпталған Илон Маск сотта жеңіске жетті. Қазылар алқасы британдық дайвер Вернон Ансворттың 190 миллиондық арызын қанағаттандырмады.

09.12.19 Үйлі-жайлы жұрт НЕГЕ көшеде түнеп жүр?

Әлем бойынша үй-жайы толық мыңдаған адам көшеге түнеуге "мәжбүр". Адамдарды аталған іске Джош Литтлтон үгіттеп жүр. 

07.12.19 Президент сөздерінің он екі томдығы жарық көріп, спектакль да қойылды

Түркіменстанда Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің сөйлеген сөздерін қамтыған 12 кітап басып шығарылып, бірнеше кітабы бойынша балаларға арнап спектакль қойылған. Бұл туралы Түркіменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлаған.

07.12.19 Гүлнара Каримоваға жаңа айыптар тағылды

Өзбекстан билігі бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы – Гүлнара Каримоваға жаңа айыптар тақты, деп хабарлайды ҚазТАГ.

07.12.19 Қытай АҚШ дипломаттарына санкция салды

Қытай үкіметі АҚШ дипломаттарына шектеу шараларын енгізді. Бұл туралы ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеген. Бұл жауап шара болып отыр.

06.12.19 Ресейлік хакерге 5 млн АҚШ доллары тігілді

АҚШ Ммлекеттік департаменті «халықаралық хакерлік топтың басшысы болуы мүмкін» деген болжаммен ресейлік хакер Максим Якубецтің басына 5 млн доллар тікті.

06.12.19 Әзірбайжанда парламент сайлауы қашан өтеді?

5 желтоқсанда Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Милли Межилисті (парламент) таратып, кезектен тыс сайлау өтетін мерзімді 2020 жылдың 9 ақпанына белгіледі. Әлиевтің жарлығы оның ресми сайтында жарияланды.