Әлем

12.12.19 Жоғарғы Рададағы төбелестің видеосы тарап кетті

Украинаның Жоғарғы Радасында жаппай төбелес болды. Оқиға аграрлық саясат парламенттік комитетінің отырысынан кейін болған.

12.12.19 «Маңқа қыз» жыл адамы атанды

«Жыл адамы-2019» атағы биыл ешкім күтпеген жасөспірімге берілді. Time журналы биыл бұл атаққа шведтің оқушы қызы Грета Тунберг лайық деп тапты.

12.12.19 Лужковтың неден өлгені белгілі болды

Мюнхеннің «Гроссхадерн» клиникасының бас дәрігері Карлл-Вальтер Яух Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужковтың неден өлгенін мәлімдеді.

11.12.19 Храпунов: Женевада мені ұрлап әкетпек болды

Алматының бұрынғы әкімі – Қазақстанда 17 жылға сотталған Виктор Храпунов батыстың басылымдары арқылы «мені ұрлап әкетпекші болды» деп тағы байбалам салды.

11.12.19 Нобель сыйлығына наразылық

«Албания, Түркия, өзін өзі тәуелсіз деп жариялаған Косово мен Швеция мемлекеттерінің елшілері Нобель сыйлығының салтанатты шарасына наразылық танытуда» деп хабарлайды, Dagens Nyheter басылымы.

11.12.19 Ресейде террорлық әрекеттер қайта бас көтерді

Бүгін Мәскеудің аудандық 10 сотының ғимаратын, 25 метро стансасын жарып жіберу туралы анонимді хабарлама түсті. 9 желтоқсан күні Ресей астанасының алты супермаркеті, бірнеше мектебі, екі сот мекемесі мен Христос Құтқарушы храмын жарамыз деген осындай қоқан-лоққыға толы хабарлама алған.

10.12.19 Құпия сынақ болуы мүмкін

Алтай аймағының тұрғындары 8 желтоқсан күні түнде аспаннан айналаны жап-жарық еткен ерекше көк түсті жарқылды байқаған. Бірер секундқа ғана созылған алапат жарықтың көз қарықтырардай жарқылы, тіпті, Бийск, Алейск, Барнауыл, Новоалтайск аймақтарында да көрініп, ондаған елді мекендердің аспанын шарпыған.

10.12.19 Путинді жалаңаш қыздар «қарсы алды» (видео)

Украиналық Femen қозғалысының қыздары Ресей президентін Парижде әдеттегідей жартылай жалаңаш қарсы алды.