Әлем

21.12.19 Зеленский тағы да күлкі мен сынға қалды

Украинаның президенттік сайлауында жеңіп, Зеленскиді президент тағына отырғызған «Слуга народа» партиясының халық депутаты Елена Мошенец өз партияластарымен бірге тойлаған жаңажылдық кештің суреттерін әлеуметтік парақшасында жария етті. Алматы, NEGE. Newsone телеарнасының хабарлауынша, украиналық шенділердің жаңажылдық сауық кеші 20 желтоқсан күні «Парковый» ойын-сауық орталығында, қайырымдылық кеш ретінде өткізілген. Мошенец өз парақшасында «2020 жыл бізге қуат әкелсін!» деп жазып, ұрандағысы келгенімен, әлеуметтік желі қолданушылары оны қатаң сынның астына алды. Осы суреттер интернетке шыға салысымен, украиналықтар «Сіздерге жақсы көңіл-күй әкелсін, алдағы жыл. Ұялмаңыздар. Жеңілтектер заманын артқа тастау үшін күш-қуатты Украинаға берсін», «Бұлар нені тойлап жатыр? Кедейлік дәуірінің біткенін бе?», «Оба жайлаған кездегі ойын-сауық!» деп жазуда.

21.12.19 Тікұшақтан тасталған джип кімдікі?

Ресейлік Игорь Мороз деген блогер өзінің қымбат тұратын Mercedes Gelandewagen көлігін тікұшақтан лақтырып жіберді. Не үшін бұлай істегені жөнінде Мороз бүгін РЕН ТВ арнасында айтты. Алматы, NEGE. Кеше әлеуметтік желіде Карелияның аэропортында Ми-8 тікұшағынан лақтырылып жіберген джип мәшинесі жайлы қызу талқы болды. Оны істеген екі мәскеуліктің бірі Игорь Мороз деген блогер екен. Бұл оқиға жөнінде Ресей ішкі істер министрлігінің көліктік бақылау басқармасы іс қозғап, оқиғаға қатысушыларды анықтаған. Белгілі болғанындай, аспаннан джип құламас бұрын екі жас жігіт әуежай қызметкерлеріне 250 мың рубль ақша төлеген. «Бұл мәшине маған үнемі қиыншылықтар тудыра берді. Әсіресе, жөндеуге кететін ақысында қисап жоқ. Қысты күні жылы жерде тұрып оталмай қалатын ауруы бар. Әбден сансыратқан көліктен тып-тыныш құтылғым келмеген соң, осылай жасадым», – дейді блогер. Көлігін көктен тастау үшін блогер екі ай дайындалыпты. Өз әрекетін бұл жігіт «аудиториясын таң қалдыру» мақсатында жасағанын да жасырмай отыр.

21.12.19 АҚШ-та Космостық әскери күш құрылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әскери бюджетін бекіту салтанаты кезінде Космостық қарулы күштердің құрылғанын ресми жариялады. Алматы, NEGE. «Бүгін бізде аса маңызды тарихи сәт, біз енді Космостық күштер деп аталатын өзіміздің жаңа әскери әлеуетімізді әлемге ресми түрде таныстыратын боламыз», – дейді Трамп Fox News телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілген салтанатты шарада. Жаңадан құрылған космостық әскерді АҚШ-тың әскери әуе күштерінің (ВВС) генералы Джон Рэймонд басқаратын болады. Бұл бағдарламаға Америка бюджетінен 40 млн доллар бөлініп, бастапқыда 200 әскери қызметкер жұмыс бастайды. Жалпы, қорғаныс саласы үшін 2020 жылға АҚШ үкіметі 738 млрд доллар бөліп отыр. Осы қаражаттың ішінде Ресейге қарсы бағытталған арнайы бағдарламаға қатысты шара да қарастырылған.

20.12.19 Өзбекстан – жыл мемлекеті

Британдық The Economist журналы Өзбекстанды «2019 жыл мемлекеті» деп атады. Басылым мәліметінше, соңғы жылдары елде елеулі реформалар жүзеге асқан.

20.12.19 Мәскеуде атыс болды

Мәскеудегі атыс Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің қабылдау бөлмесінде болған. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді, – деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалық агенттігі. 

20.12.19 Путин қыздарын тағы да мойындамай қойдыnews video

Путин Катерина Тихонова мен Мария Воронцованың әкесі екенін айтқысы келмей отыр

20.12.19 Путин Қазақстанның қай ісіне сүйсінді?

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Қытаймен, посткеңестік мемлекеттермен экономикалық байланысын кеңейтуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым жеткіліксіз екенін мойындады. Мемлекет басшысы осы мәселені шешу қажет екенін атап өтті

19.12.19 ФСБ Мәскеудегі атысты теракт деп мойындадыnews video

ФСБ қабылдау бөлмесін шабуылдаған азаматтың көзі жойылды