Әлем

04.01.20 Қытайда пневмонияның белгісіз түрі тарауда

Елдің провинцияларының бірінде қауіпті вирусқа шалдығудың бірнеше оқиғасы тіркелген.

04.01.20 Қытайлар жаңажылдық отшашудың экологиялық баламасын ойлап тапты

Фейерверктердің отанында отшашудың орнына дронды пайдаланды.

04.01.20 Қадыров АҚШ-қа ескерту жасады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ирандық генерал Кассем Сүлейманидің АҚШ әскери күштері тарапынан өлтірілуіне қатысты пікір білдірді.

04.01.20 2019 жыл азаматтық авиация саласындағы ең қауіпсіз жыл ретінде танылды

2019 жылы ұшақтармен байланысты 20 оқиға тіркеліп, апаттан 283 адам қаза тапқан.

04.01.20 АҚШ-Иран соғысы басталды ма?

Иран генерал Сулейманидің өлімін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

04.01.20 Алапат өрттен жердің бір бүйірі қызарды

Австралия құрлығы өрт құшағында қалды

04.01.20 Экс-президентке жемқорлық бабы бойынша айып тағылды

Эквадордың бұрынғы президенті Рафаэль Корреа және оның орынбасары Хорхе Гласс жемқорлық бабымен айыпталды.

03.01.20 5G жүйесі қанша тұрады?

Интернеттің қарыштап дамып кеткені соншалық, ғалам соңғы 10 жылда ерекше дамыды.  Алматы, NEGE. 2020 жылы Еуропада телекоммуникация жүйесінің бесінші сатысы, яғни 5G жаппай енгізіледі. Жақында Euronews арнайы мақала ұсынды, онда 5G деген не және ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді деген сұраққа жауап іздейді. «5G жүйесі мобильді интернет байланысудың жаңа деңгейі. Ол өте жоғары жылдамдыққа ие. Бұл жүйе 4G-ден ең кем дегенде 100 есе, ең көбі 1000 есе жылдамырақ. Яғни, фильмді санаулы секундта жүктеп алуға мүмкіндік береді», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Еуропа комиссиясы бұл жүйені келесі онжылдықта цифрлық экономика мен қоғам үшін аса маңызды блок болады деп сипаттаған. Сонымен қатар комиссияның айтуынша, 5G жасанды интеллектінің артуына әсер етеді. «Еуроодақ бұл технология бойынша 2016 жылы жоспар құрып, 2020 жылы 5G 28 мүше-мемлекетте іске қосылатынын айтты. 2014 жылдан бастап одақ 5G технологиясына 700 миллион еуро жұмсады, ал жеке сектор 3 млн еуро инвестиция салды», – деп жазады автор. Оның айтуынша, 5G жүйесінің денсаулыққа қалай әсер ететіні әлі белгісіз. «Көпшілігі антенна санының артуы денсаулыққа кері әсер ететінін айтып жатыр. Дегенмен, оның нақты дәлелі жоқ». 5G іске қосылғанымен, бүкіл әлемде екі жүйе, яғни 4G екеуі қатар жүретін болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы құрылғылардың барлығы дерлік 5G талаптарына сай емес.