Әлем

04.01.20 Алапат өрттен жердің бір бүйірі қызарды

Австралия құрлығы өрт құшағында қалды

04.01.20 Экс-президентке жемқорлық бабы бойынша айып тағылды

Эквадордың бұрынғы президенті Рафаэль Корреа және оның орынбасары Хорхе Гласс жемқорлық бабымен айыпталды.

03.01.20 5G жүйесі қанша тұрады?

Интернеттің қарыштап дамып кеткені соншалық, ғалам соңғы 10 жылда ерекше дамыды.  Алматы, NEGE. 2020 жылы Еуропада телекоммуникация жүйесінің бесінші сатысы, яғни 5G жаппай енгізіледі. Жақында Euronews арнайы мақала ұсынды, онда 5G деген не және ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді деген сұраққа жауап іздейді. «5G жүйесі мобильді интернет байланысудың жаңа деңгейі. Ол өте жоғары жылдамдыққа ие. Бұл жүйе 4G-ден ең кем дегенде 100 есе, ең көбі 1000 есе жылдамырақ. Яғни, фильмді санаулы секундта жүктеп алуға мүмкіндік береді», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Еуропа комиссиясы бұл жүйені келесі онжылдықта цифрлық экономика мен қоғам үшін аса маңызды блок болады деп сипаттаған. Сонымен қатар комиссияның айтуынша, 5G жасанды интеллектінің артуына әсер етеді. «Еуроодақ бұл технология бойынша 2016 жылы жоспар құрып, 2020 жылы 5G 28 мүше-мемлекетте іске қосылатынын айтты. 2014 жылдан бастап одақ 5G технологиясына 700 миллион еуро жұмсады, ал жеке сектор 3 млн еуро инвестиция салды», – деп жазады автор. Оның айтуынша, 5G жүйесінің денсаулыққа қалай әсер ететіні әлі белгісіз. «Көпшілігі антенна санының артуы денсаулыққа кері әсер ететінін айтып жатыр. Дегенмен, оның нақты дәлелі жоқ». 5G іске қосылғанымен, бүкіл әлемде екі жүйе, яғни 4G екеуі қатар жүретін болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы құрылғылардың барлығы дерлік 5G талаптарына сай емес.

03.01.20 Су тасқынынан 43 адам қаза тапты

Индонезия астанасындағы төтенше жағдайға халық алаңдап отыр. Алматы, NEGE. Джакартада су тасқынынан зардап шеккендер 43 адам қаза тапты - деп хабарлайды Jakarta Post газеті. Елдің табиғи апаттарының алдын алу ұлттық агенттігінің баспасөз жетекшісі Агус Вибово осыған дейін 90 ауданда Жаңа жыл қарсаңында басталған нөсер жауын әлі тоқтамағанын, сонымен қатар өзендер арнасынан тасығанын айтты. Көлік қозғалысы шектеліп, электр қуаты сөнген.  Жергілікті уақыт бойынша, бейсенбіде кешкі уақытта 400-ден аса адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болған.

03.01.20 Касем Сулеймани мұнайды қымбаттатып кетті

Иран генаралы Касем Сулеймани АҚШ шабуылынан қайтыс болды. 

03.01.20 Джинс табиғатқа орасан залал әкеліп жатыр

Джинс матасынан тігілген киімдер сапа беріктігімен ерекшеленеді. Содан болса керек сұраныс жоғары. Бірақ, зияны да жоқ емес.

03.01.20 Ердоған босқындардан шаршады

Түрік билігі елге шеттен ағылып жатқан босқындар мәселесін майшаммен қарап жатыр

03.01.20 АҚШ Бағдатта соғыс ашты

Трамп әкімшілігінің бұл ісі ақтап алуға келмейді дейді саяси сарапшылар.