Әлем

10.01.20 «Ешкі әйел» бір жылда екі рет егіз босанды

Флорида штатының Вест-Палм-Бич қаласында тұратын Александрия Уоллистон бір жылда екі мәрте құрсақ көтеріп, екеуінде де егіз бала, яғни, бір жылда төрт нәрестені өмірге әкелген, деп хабарлайды WPTV-TV.

10.01.20 Ресей Қара теңізде «Кинжалды» сынады news video

Ресей қорғаныс министрлігі Солтүстік және Қара теңіз флоттарының бірлескен жаттығуларынан видео жариялады. Одан гипердыбыстық «Кинжал» зымыранының ұшырылу сәтін байқауға болады.

10.01.20 Сулейманидің ізбасары кім?

Касем Сулеймани өлген соң «Әл-Кудс» Ислам төңкерісі сақшылары Корпусына басшы болып тағайындалған генерал Исмаил Каани кім? Ол туралы әлем не біледі? Би-Би-Си Исмаил Кааниді зерттеп көріпті.

10.01.20 Леонардо Ди Каприоның Кариб теңізіндегі ерлігі

Актер Леонардо Ди Каприо 11 сағат бойы теңізде қалып қойған французды құтқарды, – деп хабарлайды НТВ.  

10.01.20 Зымыранның украиналық лайнерді құлатқан сәті (видео)news video

Иран белсендісі Нариман Гариб Telegram-да зымыранның Тегераннан ұшып шыққан украиналық лайнерді құлатқан сәтінің видеосын жариялады. Қазіргі уақытта Bellingcat пен The New York Times журналистері бұл кадрларды тексеріп жатыр, –​ деп хабарлайды Цензор.net. 

10.01.20 Ұшақты Иранның қорғаныс күштері атып құлатқан ба?

«Международные авиалинии Украины» әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, –  деп хабарлайды РИА Новости.

10.01.20 Иран: Бұл – кек алудың басы ғана!

Ислам төңкерісінің Сақшылары Корпусы (ИРСК) қолбасшысының орынбасары, Контр-адмирал Әли Фадави Ирактағы америкалық базаларды зымыранмен атқылауды ИРСК күштерінің кек алу шарасының бір бөлігі ғана екенін мәлімдеді.

09.01.20 Ресейде балаларға Путиннің суреті бар және арақ қосылған кәмпит сыйлаған

«Кәмпитті ауызға, Путин бейнеленген қағаз – шелекке".