Өзбекстан Ұлыбританияға күкірт экспорттайтын болды

29 наурыз, 13:33

Фото: facebook.com

«Өзбекнефтгаз» компаниясы газды қайта өңдеу нәтижесінде алынған күкірт өнімдерін шетелге экспорттауды жолға қойды.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта күкірт экспортының алғашқы келісім-шарты Ұлыбританияда тіркеуден өтті. Келісім негізінен май өнімдері, тыңайтқыштар және астық өндіруге мамандандырылған жаһандық сауда компанияларының бірі «Commoditrade Limited» пен жасалды. Келісімге сай «Өзбекнефтгаз» компаниясы 100 мың тонна күкірт экспорттайды. Сонымен қатар, Пәкістан мемлекеттік «International Business System» компаниясымен де экспорттық келісімге қол қойылып, алғашқы тапсырыс 50 000 тонна күкірт өнімдерін экспорттауға келісім жасалды», – деп жазады «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации