Өзбекстан коронавируспен күрескен дәрігерлерге 2,5 мың АҚШ долларын бермек

27 наурыз, 13:14

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырылған дәрігерлерге ай сайын 2,5 мың доллар беретінін мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. Президенттің сөзінше, карантин кезінде науқастарды емдеуге жанын салған дәрігерлерге ай сайын үстемақы төленеді. "Мысалы, дәрігерлерге 25 млн сум, медбикелер мен лаборанттарға - 15 млн сум, санитар қызметкерлеріне - 10 млн сум, басқа да қосалқы мамандароға - 5 млн сум", - деді Ш.Мирзяев. 

Сондай-ақ, коронавируспен күресте дертті жұқтырып алғандарға бөлек 100 млн сум (10 мың АҚШ доллары) төленеді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации