Өзбекстан: 4 күн ішінде 4 мың дәрігер өтініш берген

31 наурыз, 18:29

Фото: centralasia.media

Өзбекстанда инфекция жұқтырған адамдармен тікелей жұмыс істеуге тәуекел еткен дәрігерлер саны жедел өсті. Дансаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған Telegram каналындағы құлақтандыруға 4 күн ішінде 4 мыңға жуық медицина мамандары өтініш берген.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, centralasia.media хабарлады.

Жуырда ғана ел басшысы Ш.Мирзиёев коронавирустың таралуына қарсы күресетін дәрігерлерге материалдық көмек көрсетілетінін айтқан болатын.

Президенттің жарлығы бойынша дәрігерлер мен дәрігер-лаборанттар – 25 млн сум (2 600 доллар), мейірбикелер мен лаборанттар – 15 млн сум (1 500 доллар), санитарлар – 10 млн сум (1000 доллардан астам), өзге де жұмысшылар – 5 млн сум (520 доллар) алады. Атап айтар бір нәрсе, бұл қаржы жалақы секілді ай сайын емес, әр 14 күн сайын беріледі.

Өзбекстан билігі қауіпті індетпен күреске шындап кірісті. Бұған дейін Ташкент маңынан бес күнде аурухана салып, пайдалануға берген болатын. Енді осындай ауруханалар Ташкент, Әндіжан, Навой, Сурхандария облыстарында ашылатын көрінеді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации