Олигархтар да екінші сортты пациенттерге айналды

03 сәуір, 10:50

Фото: inosmi.ru

Бақуатты ресейліктер әдетте жағдайы мүшкіл мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін айналып өтетін. Дағдарыс кезінде коронавирус жұқтырған бай адамдар бұдан былай «қарапайым адамдарға» арналған медицинамен жолығуға тура келіп отыр. Бұл туралы неміс басылымы WirtschaftsWoche жазды.

Алматы, NEGE. Науқастардың арасында «Газпром» концернінің менеджерлері де бар. Айталық, Мария Чигиринская Францияның әйгілі Куршавель курортында өтетін кештердің гүлі болып жүрді. Мәскеуге келгенде оның жеке ұшағын дәрігерлер қарсы алды. Оның вирус жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жатқызылды. Ресей   астанасының баспасөзі «миллиардердің қызы Чигиринскаяның аурухана тамағын татуға да жиіркеніп жатқанын» мысқылмен жазды. «Коронавирус миллиардерлерге де қарапайым адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын көріп, сезінуге мәжбүрлеп жатыр» деп жазады неміс басылымы

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации