New York Times: РФ арнайы қызметі АҚШ-та нәсілдік жеккөрушілікті қоздырып жатыр

11 наурыз, 16:45

Фото: azattyg.org

Ресей арнайы қызметі Америка қоғамында нәсілдік жеккөрушілікті қоздырып, афроамерикалықтар арасында көңіл толмаушылықты күшейтіп жатыр. Осылай деп АҚШ арнайы қызметі өкілі хабарлады деп жазады The New York Times.

Алматы, NEGE. Басылымның жазуынша, Ресей арнайы қызметі 2016 жылы қолданған тәсілді пайдаланып, қоғам арасында жалған ақпарат таратып жатыр. Олар ультраоңшылдар мен олардың оппоненттерін зорлық-зомбылыққа «итермелеп» жатыр дейді. Негізінде бұл кампания әлеуметтік желілерде жүріп жатыр делінеді.

Америкалық арнайы қызмет өкілінің пікірінше, Ресей астыртын «алауыздық» туғызу арқылы президенттікке үміткерлердің біреуіне көмектесіп ғана қоймай, Құрама Штаттар қоғамында хаос сезімін туғызу деп атап өтеді.

Сейсенбі күні арнайы қызмет Өкілдер палатасында өткен жабық отырыста Ресейдің бұл әрекетін жеткізген. Бұл Дональд Трамптың наразылығын туғызған. Ол өзінің демократ қарсыластары әдейі істеп отыр деп санайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации