Неміс медицинасы әлемді таңдандырып отыр

26 наурыз, 16:10

Фото: Migratsia.ru

Германиядағы эпидемияның дамуы туралы күн сайынғы статистикалық мәліметтер денсаулық сақтау саласының мамандарын қатты қызықтырып отыр. Өйткені, бұл елде коронавирустан өлім-жітім деңгейі барынша төмен. Бұл туралы Le Figaro басылымы хабарлап отыр.

Алматы. NEGE. Джон Хопкинс университетінің соңғы шолуына жүгінсек, бұл індеттен 130 неміс көз жұмған. Ал Францияда – 860 адам, Италияда 6 077 адам қаза болған. Ал Германияда бұл вирусты жұқтырғандардың саны (30 000)  Франциядағыдан  (20 000) да  көп екен. Германияда 100 мың адамға шаққанда 1,5 өлімнен келсе, Италияда – 101, Испанияда – 49, Францияда – 13 өлімнен келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации