Мықты бол, Қазақстан: Джеки Чан үндеу жасады news video

28 наурыз, 18:14

Әйгілі актер Джеки Чан қазақстандықтарға видеожолдау жолдап, коронавирусқа қарсы күресте қолдау білдірді

Алматы, NEGE. Джеки Чанның үндеуін Ерлан Қарин Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

«(...) Жақында менімен Қытайдағы ортақ достарымыз байланысқа шықты, Джеки де қазақстандықтарға осынау қиын шақта қолдау көрсеткісі келетінін айтты. Бүгін таңертең ерте осы видео үндеуді алдым. Джекимен толықтай келісемін, махаббат алдында кез келген сынақ әлсіз», - деп жазған видео сипаттамасына.

«Менің есімім – Джеки Чан. Апаттар әдетте қатігез. Бірақ адамдардың жүрегінің алдындағы махабаттың алдында олар да дәрменсіз. Біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Сонда ғана вирусқа қарсы күресте жеңіп шығамыз. Мықты бол, Қытай! Мықты бол, Қазақстан! Біз біргеміз!», - дейді Джеки Чан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации