Меркель де анализ тапсырды news video

24 наурыз, 11:20

Германия канцлері Ангела Меркельдің коронавирусқа тапсырған сараптамасының қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Deutsche Welle. 

Алматы, NEGE. "Бүгін тапсырған сараптамасының нәтижесі теріс болып шықты", - деді үкіметтің ресми өкілі Штеффен Зайберт. Оның айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде канцлер тағы да коронавирусқа сараптама тапсырады. Тек бірнеше рет тапсырған соң сараптама қорытындысы дұрыс деуге болады дейді.

Үкімет өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта канцлердің жағдайы жақсы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации