Медицина қызметкерлері суицид жасай бастады

27 наурыз, 10:55

Фото: facebook.com

Италияның Монза қаласында 34 жастағы медбике коронавирус жұқтырғанын білгеннен кейін өзіне қол салған.

Алматы, NEGE. Даниэла Трецци Италияның коронавирус ең көп тараған аймағы Ломбардиядағы Сан-Херардо ауруханасында интенсив терапия бөлімінде жұмыс істеген. 10 наурыздан бастап ол коронавирус инфекциясының белгілері болғандықтан, карантинге жатқызылған.

COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін медбике өз-өзіне қол салған. 

Италия медбикелер ұлттық федерациясының мәліметі бойынша, Трецци басқа адамдарға коронавирус жұқтырудан қорқып, «қатты күйзелістен» зардап шеккен. Олар Даниэла өз-өзін өлтірген алғашқы медициналық қызметкер емес екенін айтады.

Осыдан бір апта бұрын Венецияда медбике дәл осындай жағдайда суицид жасаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации