Мәскеуде коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

30 наурыз, 12:21

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Коммунаркадағы медициналық орталықта соңғы бір тәулікте екі адам қайтыс болды, деп мәлім етті ауруханының бас дәрігері Денис Проценко өзінің Facebook парақшасында. 

Алматы, NEGE. "Соңғы күнде бізде екі адам қайтыс болды. 80 жастағы бір науқасқа коронавирус, пневмония, гаматурия диагнозы қойылды. Пациент төрт күн бойы жасанды тыныс алу аппаратында болды", - деп жазды ол. Проценко қайтыс болған екінші пациенттің 69 жаста екенін атап өтті. Науқасқа созылмалы диабет диагнозы қойылған.

Ол үш тәулік бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған. Қазіргі уақытта Коммунаркада 348 адам ем қабылдап жатыр. Коронавирус ауруының өршуі 2019 жылдың желтоқсан айында Орталық Қытайда басталған. Кейіннен 160 елге таралды. ДДСҰ оны пандемия деп атады. Соңғы деректер бойынша әлем бойынша 630 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, 30 мыңнан астамы қайтыс болған. Ресейде коронавирус жұқтырудың 1534 жағдайы тіркелген, сегізі көз жұмған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации