Мәскеуде қайтыс болғандар 11-ге жетті

31 наурыз, 10:47

Фото: facebook.com

Ресей астанасында коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасы хабарлады.

«Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан», – деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты аурумен ауырғандары да айтылды. Екі адамда қант диабеті болған. Пациенттердің екеуі тыныс алу аппаратына қосылған.

Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамға жетті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации