Мәскеу банкінде адамдар тұтқынға алынды

23 мамыр, 20:44

Фото: inform.kz

Мәскеуде ер адам «Альфа-банк» ғимаратындағы адамдарды тұтқынға алып, ғимаратты жарып жіберетінін айтып қорқытқан, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. Шұғыл қызметтердегі ақпарат көзінің мәліметінше, қаскөйдің қолында кем дегенде бес адам бар. Ол үстіне қара күрте мен спорт шалбарын киген, бетінде қара маскасы бар. «Қолына сары пакет ұстап алған. Оның айтуынша, пакетте жарылғыш зат бар», - деп мәлім етті ақпарат көзі. Құқық қорғау органдары онымен келіссөз жүргізген. Оқиға орнында барлық шұғыл қызметтердің өкілдері бар. «Қазір ғана арнайы мақсаттағы қызметкерлер Альфа банк ғимаратына басып кіріп, ер адамды ұстады. Оның қолындағы жарылғыш зат емес, соның муляжы болып шықты», - деп хабарлады ақпарат көзі. Кейін бұл ақпаратты ІІМ Мәскеу қалалық басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Владимир Васенин растады. Ұсталған адамның ақыл-есінің дұрыстығына күмән бар, сондықтан ол сараптамаға жіберіледі. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации