Лукашенконы сотқа берді

08 сәуір, 12:51

Фото: Zen.yandex.com

Беларусьте коронавирус инфекциясынан Витебск облысының тұрғыны көз жұмды. Марқұмның ұлы ел президенті Александр Лукашенконы сотқа берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Алматы, NEGE. 2 сәуір күні Беларусьтегі ауруханалардың бірінде 66 жастағы әйел адам коронавирус індетінен көз жұмды. Осыдан кейін марқұмның баласы құқық қорғау органдарына жүгініп, ел президентінің үстінен арыз жазды деп хабарлайды "Белсат" телеарнасы. Ер адамның айтуынша, мемлекет басшысы Александр Лукашенко халықты қауіпті инфекциядан қорғау үшін ешқандай шара қолданбаған. Осыған байланысты марқұмның ұлы президентке қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті. Ер адам есімінің Александр екенін, Францияда тұратынын, анасы ауырғанда бірден келе алмағанын жеткізді. Телеарнаның мәліметінше, әйел адам бірнеше апта ауруханада жатқан. Осы уақыт ішінде оған бірнеше диагноз қойыпты. Марқұмның коронавирус инфекциясымен ауырғанын туыстары қайтыс болғаннан кейін ғана білген. Әйел адамның қайтыс болғаны туралы куәлігінде осындай диагноз қойылды.

Сондай-ақ, Александр телеарнаға ел билігі қазіргі жағдайды жасыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Беларусьте карантин енгізіліп, медицина персоналдарымен қамтамассыз ету керек. Cоңғы деректерге сүйенсек, әлемде 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген. Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты. Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации