Коронавирусты қай ауру асқындырып жібереді?

27 наурыз, 11:27

Фото: facebook.com

Жүрек-қан тамырлары ауруы коронавирустан қайтыс болу қаупін 4,5 есеге арттырады. Қытайлық мамандардың зерттеу қорытындысы осындай.

Алматы, NEGE. Ғалымдар COVID-19 дертінен қайтыс болғандар мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандардың арасында байланыс барын анықтаған.

Мамандар 416 науқасқа зерттеу жүргізген. Осылайша зерттеу қорытындысы жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққандардың өзгелермен салыстырғанда коронавирустан жиі қайтыс болатынын көрсеткен.

«Уханда әрбір бесінші науқас жүрек-қан тамыр ауруына шалдыққан. Сондықтан мұнда коронавирустан өлім көрсеткіші жоғары деуге болады», – дейді ғалымдар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации