Коронавирустан нәресте қайтыс болды

02 сәуір, 12:50

Фото: stan.kz

Американың Коннектикут штатында 6 апта бұрын туған сәби коронавирустан қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы штат губернаторы Нед Ламонт Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Губернатордың айтуынша, сәби ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, сәби қайтыс болған.

"Өткен түні жаңа туған сәбидің COVID-19 жұқтырғаны расталды", - деп жазған губернатор.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации