Коронавирустан қорықпаймыз: Ирандықтар флэшмоб ұйымдастырды news video

02 наурыз, 12:57

Видеода қасиетті Фатима Масуменің мазары басына барған ирандықтар оның темір есігін тілімен жалап, коронавирустан қорықпайтындарын айтады, деп хабарлайды zakon.kz. 

Алматы. NEGE. Флешмобты діни фанат Хаджи Хоссейни-Нежад бастады, ол бірлескен діншілдерді Фатима Масуменің қабіріндегі қоршауға қол тигізіп, оны өбуге шақырды. Кесене Ирандағы шиіттердің қасиетті қаласы - Қомда орналасқан.

Өз үндеуінде ол исламға шынайы сенушілерге коронавирус жұқпайтынын, өйткені қасиетті Фатима олардың бәрін қорғайтынын айтады. Видеода бірнеше шиіт кесенің қабырғасын сүйіп, тілімен жалайды.

Уханнан шыққан індеттің негізгі жағдайлары шииттердің қасиетті қаласы Қом қаласында тіркелгенін баса айта кетелік.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации