Коронавирусқа байланысты 57 мың сотталушы түрмеден босатылады

05 наурыз, 12:45

Фото: ғаламтордан

Иран билігі коронавирусқа байланысты 57 мың тұтқынды уақытша босататынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Осылайша, үкімет түрмеде коронавирустың таралуына қарсы күресуді қолға алды. Соттағылар коронавирус анықталмаған тұтқындарды уақытша босату туралы шешім шығарған.

Алайда, сотталушылар кепіл ақша төлеуге мәжбүр.

«Сотталушылардың денсаулығы олардың статусына қарамастан, біз үшін өте маңызды», - деді Иранның сот жүйесінің баспасөз хатшысы Голамхоссейна Эсмаили.

Айта кету керек, бұл шараға жасаған қылмыстары үшін жазасы бес жылдан аса мерзімге сотталғандар енбеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации