Коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асты

03 сәуір, 11:31

Фото: Yandex.ua

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты, деп хабарлады ҚазТАГ мемкомиссияның жедел штабына сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Әлемде 1 016 910 (тәулігіне +79 783 ) коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар, 53 211 (+5 957) – одан көз жұмғандар, 212 991 (+18 705) жазылғандар тіркелді», - делінген 3 сәуірдегі таңертеңгі ақпарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации