Коронавирус жайында халқына шынайы ақпарат жеткізуге шақырды

22 мамыр, 11:09

Фото: azattyg.org

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэллс Тәжікстан билігі халқына коронавирус індетіне қатысты шынайы ақпаратты дер кезінде жеткізіп отыруды сұрайды.

Алматы, NEGE. Тәжікстан елінде коронавирус анықталғанын тек 30 сәуірде мойындады. Бұған қарамастан, АҚШ 11 сәуірде Тәжікстанға 171 мың долларға гуманитарлық көмек жіберген. Тәжік билігі вирус анықталды деп мәлімдегеннен кейін, АҚШ қосымша 866 мың долларға көмек жіберді. Бұдан бөлек 6 мамырда Құрама Штаттар Тәжікстанға тағы 1,69 млн доллар бөлетінін мәлімдеді.

Америкалық дипломат коронавирус пандемиясы кезінде тәуелсіз БАҚ-тың рөлі зор екенін атап өтті.

"Тәжікстанда тәуелсіз БАҚ-қа қысым көрсетілетініне алаңдаймыз. Бұл елде ашық және шынайы медиа кеңістік құруға кедергі келтіреді. АҚШ үкіметі Озоди радиосының (Азаттықтың тәжік қызметі) тілшілеріне акредитация бермеу мәселесін сынға алған. Бірақ соған қарамастан, Тәжікстанда журналистер ісіне кедергі келтіру жалғасып жатыр. Халық дағдарыстан дұрыс өту үшін, оларға шынайы ақпарат қажет" деп атап өтті АҚШ диломаты.

Соңғы мәлімет бойынша, Тәжікстанда коронавирус 2140 адамнан анықталды. 41 адам қайтыс болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации