Коронавирус тағы үш елде тіркелді

24 ақпан, 15:06

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Коронавирус індет болып, жайылып барады. Бүгін бұл вирусқа шалдыққан науқастар Кувейтте, Бахрейнде және Ауғанстанда тіркелді.

Алматы, NEGE. Кувейтте және Бахрейнде ауруды жұқтырғандар жақында ғана Ираннан оралған азаматтар екен. Қазірдің өзінде Ирандағы індетке тап болғандардың саны 43-ке жетіп отыр, 8 науқас аурудан көз жұмған. Кувейтте үш адам сырқаттаныпты. Аталған жайтқа байланысты ел билігі Иранмен әуе және теңіз қатынасын тоқтатып, сол жақтағы 700 адамды дереу эвакуацияламақшы екендігін жеткізген. 

Ауғанстанда үш адамнан сараптама алынған. Олардың тек біреуі расталыпты. Бахрейнде де бір адам коронавирусты жұқтырғаны анықталыпты. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации