Коронавирус: Сеул-Ташкент бағытындағы рейс кері қайтты

28 ақпан, 17:03

Фото: azattyg.org

27 ақпанда Сеул-Ташкент бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшақтың жолаушысы өзін нашар сезінгендіктен, ұшақ кері Оңтүстік Кореяға қайтты. Бұл жөнінде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов үкімет отырысында айтты.

Алматы, NEGE. – Көкке көтерілгеннен үш сағаттан кейін жолаушылардың бірі өзін нашар сезініп, кері Оңтүстік Кореяға қайтқан. Сеулде оны жедел жәрдем қызметі алып кеткен. Бірақ оның коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдік Ташкент әуежайына келіп қонғанда ғана айтылған. Осыдан кейін ұшақтың барлық жолаушыларын радармен тексеруіне тура келген. Әуежайда арнайы оқшау бөлмелер болмағандықтан, оларды залдардың бірінде уақытша ұстап отыр, - деді Шадманов.

Оның айтуынша, 23 ақпанда Қытайдан келген жолаушы өзін нашар сезініп жатқанына қарамастан Ташкент әуежайынан ешқандай тосқауылсыз Өзбекстан аумағына өтіп кеткен. Кейін ол тоқтаған жеріндегі дәрігерге барған.

«Дәрігерлер одан бірнеше рет анализ алып, қайта-қайта тексерген. Нәтижесінде оның коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Бірақ бұл біздің әуежайдағы тексерудің кемшіліктерін көрсетіп қойды», – деді министр.

Ақпанның ортасында Ташкентке келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Өзбекстан мен Қазақстанға коронавирусқа қарсы күресу үшін ақшалай жәрдем берілетінін білдірген.

«Россия 24» телеканалы Новосибирсктен Өзбекстанға коронавирусты анықтайтын құралдардың алғашқы партиясы жөнелтілгенін мәлімдеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации