Коронавирус күдігімен Парижде полиция басқармасы оқшауланды

24 ақпан, 20:27

Фото: ria.ru

Франция билігі коронавирустың таралу қаупіне байланысты Париждің 13-ші полиция комиссариатында төтенше жағдай орын алғанын растады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы BFMTV телеарнасына сілтеме жасап, РИА Новости хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, бүгін таңертең полиция басқармасына ұрылардан зардап шеккен Қытайдың үш азаматы шағым айтып келсе керек. Арыз жазып отырған сәтте олардың бірі өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оны дереу жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізіп, коронавирусқа қатысты сынамалар алған екен.

Бірақ оның қорытындысы әлі шықпағандықтан, полиция ғимараты оқшауланған. Іштегілердің сыртқа шығуына және сырттан адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынған. Бұл – коронавирус қаупіне байланысты Францияны дүрліктірген алғашқы төтенше жағдай.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации