Коронавирус кесірінен 290 миллионнан астам бала сабақтан қалды

07 наурыз, 14:00

Фото: ғаламтордан

Қазіргі таңда әлем бойынша коронавирус жұқтырған адам саны 100 мыңнан асып кетті. Бұл індеттен желтоқсаннан бері 3445 адам көз жұмған.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты бірқатар елдің үкіметі қоғамдық шараларға шектеу қойып жатыр. Италияда мектептер мен университеттер 15 наурызға дейін жабылды. Италия коронавирусқа байланысты мектептерді жапқан 13 елдің бірі. ЮНЕСКО-ның дерегінше, індет кесірінен әлемде 290 миллион 500 мың бала сабаққа бармай отыр. 9 елде жекелеген мектептер жабылған, індеттің беті қайтпаса тағы 180 миллионға жуық бала сабағынан қалуы мүмкін. 

Цифрлы оқу порталдары оқуды үйден жалғастыруға көмектесуі мүмкін, бірақ технология жағынан артта қалған, интернетпен толық қамтылмаған кедей елдерде білім алу қиындай түседі.  

 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации