Комаровский телефон вирус тарататынын айтты

18 наурыз, 10:51

Фото: instagram.com

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы 25 сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE. Дәрігер ұялы телефон металл мен пластиктен тұратынын атап өтіп, оны жиі залалсыздандырып тұруға кеңес берді. Себебі, онда коронавирус инфекциясы болуы мүмкін. Евгений Комаровскийдің пікірінше, бұған аса мән берген жөн.

«Мүмкіндік болса, бір қолыңызбен телефон ұстап, екіншісімен есіктерді ашыңыз (мысалы, қоғамдық орындардағы есікті ашқан кезде). Гарнитураны пайдалануға мүмкіндік болса, пайдаланыңыз», – дейді ол.

 

Сонымен қатар, дәрігер қандай жағдайда адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

«Біз екі қолымызбен есіктің тұтқасын ұстадық. Салдарынан қолымызға індет жұқтырамыз. Кейін қолымызға телефонды алып, оны қалтамызға саламыз. Ғимаратқа кіріп, қолымызды жуамыз. Қайтадан оны қолымызға аламыз. Ол аз болғандай, біз қолымызбен басқа мүшелерімізді ұстаймыз», – деді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер Apple және Samsung компаниялары аппараттарды залалсыздандыру туралы ұсыныстарын өзгерткенін жеткізді.

«Егер бұрын олар залалсыздандыратын майлықтарды қолдануға кеңес бермесе, қазір оны пайдалану қажетін айтады. Егер телефонды сабынды сумен жууға болса, жуып құрғатыңыз», – дейді Евгений Комаровский.

Сондай-ақ ол «коронавирус жыныстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін бе? «синяя лампа», «звездочка» бальзамы және оксолин майын пайдалану, ыстық суды ішу дерттің алдын алуға көмектесе ме? Карантин уақытында балаларға далада қыдыруға бола ма? Ауру жеміс-жидектер арқылы тарауы мүмкін бер?» деген сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, 18 наурыздағы жағдай бойынша, COVID-19 154 елден анықталған, ауру жұқтырғандардың саны - 197 139, 7916 адам қайтыс болды, 81 738 адам сауығып шықты. Ал Қазақстанда 35 адамнан вирус табылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации