Қытайда коронавирустың беті қайта бастады

13 наурыз, 12:42

Фото: Reuters

Ухань қаласын есепке алмағанда, COVID-19 індетінің ошағы болған Хубэй провинциясында сегіз күннен бері ауру жұқтырған науқас тіркелмеді. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлауда.

Алматы, NEGE.  Жалпы Қытай аумағында жұманың таңертеңіне дейін COVID-19 вирусының әсерінен асқынған пневмониядан жеті адам көз жұмған (оның алтауы Уханьда), және ел аумағында сегіз жаңа науқас тіркелген.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қыруар күш-жігерді талап еткен еңбектің арқасында Қытайдың індеттің таралуын тоқтата алғанын, өндіріс қалпына келіп, елдің қалыпты тіршілікке орала бастағанын мәлімдеді.

Тоғыз қытай дәрігері індетпен күресіп жатқан итальян әріптестеріне көмектесу үшін рим қаласына ұшып келген. Қытай мамандары өздерімен бірге 30 тонна медициналық және қорғаныш заттарын ала келген.

Вирус ушығып тұрған Италияда ауру жұқтырғандар саны 15 мыңнан асып кетті. мыңнан астам адам көз жұмған. Иранда 10 мыңнан астам науқас тіркеліп, 400-ден астам адам қайтыс болды.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации