Қытай коронавирус жұқтырғандардың санын жасырды ма?

02 сәуір, 19:11

Фото: REUTERS

ҚХР сыртқы істер министрі Хуа Чуньин Қытай әуел бастан коронавирус инфекциясына байланысты ақпараттарда ашық позиция ұстанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Блумберг агенттігі аноним дерек көздерге сүйеніп, Қытай вирусты жұқтырғандардың шын мәніндегі санын жасырып отырғанын мәлімдеген. Ақ үйдің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен журналистерге АҚШ коронавирусты жұқтырғандардың нақты санына қатысты ақпаратты растай алмайтынын жеткізген. 

"Мен аноним дерек көзден келген үш ақпаратты қарап шықтым. Бұған дейін де америкалық басқа да БАҚ жарияланымдарын көрдім. Ол жерде Помпео мен басқа америкалық ресми өкілдер Қытай эпидемияға байланысты адамдардың санын жасырып отыр деген мәлімдеме жасаған. Халықаралық эпидемиялық жағдайға келетін болсақ, бұл мәселе саясаткерлер мен жалған ақпарат таратындардың емес, ДСҰ мен эпидемиологтарға қатысты", - деп мәлімдеді Хуа Чуньин брифингте. 

ҚХР СІМ Қытай бастапқыдан ашық, жауапты позицияны ұстанып, халықаралық қауымдастықты індет туралы уақытылы хабардар етіп отыр.

"Мен және менің әріптестерім бұл туралы бірнеше рет егжей-тегжейлі айтып берді. Қытай үкіметінің ұстанымын сырқаттанғандар туралы статистикалық мәліметтердің күнделікті жарияланымы бойынша да көруге болады", - деді шенеунік.

Соңғы деректер бойынша, Қытайда барлығы 81 мыңнан аса коронавирус жұқтырып, оның 76 408-і жазылып шығып, 3318 адам көз жұмды.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации