Қытай індетті жеңді

11 шілде, 11:17

Фото: ғаламтордан

Өткен тәулік ішінде, яғни, 10 шілде күні бүкіл Қытай аумағында  коронавирус инфекциясымен екі-ақ адам тіркелген. Төрт кісіден қауіпті вирустің симптомсыз түрі анықталған. Он төрт науқас ауруханадан шығарылған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау министрілігіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлады.

Қытайда эпидемия кезінде коронавирустық инфекцияның 83 587 жағдайы анықталған еді. 78 623 адам сауығып шыққан. 330 науқас әлі де ауруханаларда жатса, қайтыс болғандар саны 4 634 қана.

1 сәуірден бастап Қытай билігі симптомсыз сырқаттар туралы да мәліметтер жариялай бастады. Өткен тәулікте осындай төрт жағдай анықталған. Тест індет жұқтырғанын әйгілесе де, олардан ауруға тән белгілер байқалмаған. Қазір Қытайда 111 осындай тасымалдаушы дәрігерлер бақылауында.

Демек, соңғы мәліметтерден індеттің ошағы саналған Қытай қауіпті ауруды жеңгенін байқауға болады. 1,5 миллиардқа жуық халқы бар елде тәулігіне екі-ақ адамнан вирус анықталуы осыны білдіреді.

Мәселе Қытай індетті қалай жеңді? Науқастарды қандай ем-домның күшімен айықтырды? Бүкіл әлем енді осы сұрақтың жауабын іздеуі керек секілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации