Қырғыздар коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

10 наурыз, 12:41

Фото: facebook.com/Muftiyat

Бішкек қаласындағы Имам Сарахси мешітінің мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, мүфти көптеген аурудан тазару үшін де осындай ғұрыпты өткізуге шешім қабылданғанын айтқан. Ол дұға оқып, халыққа денсаулық пен бірлік, ал мемлекетке бейбітшілік тіледі.

Мешітте екі сиыр құрбан етіліп, оның еті кедейлерге таратылды. Құрбандық шалу рәсіміне мүфти, ақсақалдар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Басқарманың хабарлауынша, мұндай ғұрып елдің басқа да өңірлерінде жасалады.

Естеріңізге сала кетсеке, мұсылман елдерінде көпшілік намаз оқитын орындар карантинге жабылды. Мұндай шешімге әлемде таралып жатқан коронавирус эпидемиясы себеп болып отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации