Киевте – карантин

16 наурыз, 16:40

Фото: nv.ua/kyiv

Киев қалалық әкімдігі қалада карантин енгізу туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. 17 наурыздан бастап қаладағы көңіл көтеретін және сауда орталықтары жабылады. Сондай-ақ, мейрамхана, фитнес-зал, шаштараз, көңіл көтеретін орындар жұмыс істемейді. Мұнымен қоса қалаға кіру және шығу шектеледі.

Бұған дейін Одесса мен Львовта да азық-түлік, дәріхана, жанармай құю бекеттерінен басқа орындар жабылған еді. Ал 13 наурыздан бастап украиндік билік 2 аптаға шекараны жапты. Бұл шешім 15 наурыздан күшіне енді. Сондай-ақ, 17 наурыздан авиахабарландыру толығымен тоқтатылды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации