Қазақ қызы Францияда әкім болып тағайындалды

29 маусым, 11:21

Фото: kznews.kz

Қазақ қызы Францияның Крей қаласы әкімінің орынбасары болып сайланды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Қыдырәлі Оразұлы жазды. Кznews.kz дерегінше, қазақ қызының есімі Иесим Махмұтқызы.

Aлматы. NEGE. Креил – Францияның солтүстігінде орналасқан қала.

«Бұл қыз атақты Зуқа батырдың шөбересі, кезінде Зуқа батыр, Оспан батырлар бастаған Қазақтар Қытай фашистарымен соғысып, ақыры Тибет Гималай асып, Кашмир, Үндістан, Пәкістанды басып, Түркияға жеткен еді. Олардың ішінде Зуқа батырдың ұрпақтары болды, олар бұл күнде Европаның біраз мемлекеттерінде тұрады. Бүгінгі, Ла Крей қаласынның орынбасар әкімі болған қарындасымыздың есімі – Иесим Махмұтқызы. Ол – Францияда тұратын Зуқа батырдың немересі Махмұт Савашұлы ағамыздың қызы», – дейді Қыдырәлі Оразұлы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации