Кабулда Ауғанстан премьері қатысқан шара кезінде атыс болды

06 наурыз, 15:51

Фото: inform.kz

Кабулда моджахедтердің көшбасшысы Абдула Али Мазаридің дүниеден озғанына орай өткен еске алу шарасында белгісіз біреулер оқ жаудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қонақтардың арасында Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла да болған. 

Ауғанстан премьері зардап шекпеген, ол шұғыл оқиға орнын тастап шықты. Телеарнаның деректеріне қарағанда, қауіпсіздік күші мен шабуылшылар арасындағы атыс әлі де жалғасып жатыр.

Әзірге бұл қарулы қақтығыстың себеп-салдары белгісіз. Сондай-ақ зардап шеккендер жайлы да дерек жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации