Италиялық желаяқ коронавирустан қайтыс болды

08 сәуір, 18:20

Фото: 24.kz

 Италиялық танымал жеңіл атлет Донато Сабиа коронавирустан 57 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды «Ассошиэйтед пресс».

Алматы, NEGE. Сабиа орта қашықтықтарда жүгіретін. Атап айтқанда, ол 1984 және 1988 жылдардағы Олимпиада ойындарының финалында 800 метрлік қашықтықта бақ сынап, тиісінше жетінші және сегізінші орындар иеленген. Одан қалды дәл осы қашықтықта 1984 жылғы Еуропа біріншілігінде топ жарған.   Сабиа өзі туған Потенца қаласында (Италияның оңтүстігі) көз жұмды. Жақында ғана коронавирустан ардагер спортшының әкесі де бақилық болған еді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации