Италияда жағдай жақсарып келеді

31 наурыз, 12:17

Фото: facebook.com

Италияда COVID-19 жағдайы жақсара бастады. Соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған адамдар саны айтарлықтай азайды.

Алматы, NEGE. Италияда жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асады, соңғы тәулікте оған тағы 1648 адам қосылды. Шындығында, елде инфекцияны 75 528 адам жұқтырған. Сонымен қатар, соңғы 13 күнде күн сайынғы өсім 3 мың пациенттен аспады.

Мұндай төмен көрсеткіштер елде 10 наурыздан бастап байқалмады деп жазады РИА Новости.

Мұнда бір тәулікте 1 590 адам сауыққан. Барлығы 14 620 адам емделді.

Дәрігерлердің пікірінше, мұны да рекордтық көрсеткіш деп атауға болады. Италия билігінің хабарлауынша, қазір елде инфекция шыңы еңсерілуде.

Сондай-ақ, ақ халаттылар динамиканы ескере отырып, көп ұзамай есептегіштердегі сандардың біртіндеп төмендей бастайтынын болжады. Алайда елде қаза болғандардың саны тұрақты болып қала береді.

Осылайша, бір күнде Италияда 812 адам қайтыс болды, олардың жалпы саны – 11 591 адам. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации