Италияда коронавирустан 61 дәрігер қайтыс болды

30 наурыз, 23:37

Фото: ғаламтордан алынды

Италияда COVID-19 коронавирусына шалдығып қайтыс болған дәрігерлердің саны 61 адамға жетті, бұл ретте 11 адам екі күннің ішінде көз жұмды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ANSA агенттігі хабарлады. FNOMCEO Ұлттық дәрігерлер гильдиясы федерациясы өлімге апарған соңғы оқиғалардың қайда болғанын хабарлаған жоқ. Бұл оқиғалар коронавирустан ең көп зардап шеккен Ломбардияда болуы мүмкін. Соңғы мәлімет бойынша, Италияда коронавирус індетінен 10 779 адам қайтыс болған.

29 наурыздағы жағдай бойынша, әлем бойынша коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 704 мыңнан асқан, деп хабарлайды АҚШ-тағы Джон Хопкинс универститеті. Өткен жылдың желтоқсан айында Ухань қаласында пайда болған COVID-19 атауымен белгілі коронавирус кем дегенде 177 ел мен аймақта таралып, 35 мыңнан астам адамның өмірін қиып әкетті.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации