Италияда өлім азайып келеді

07 сәуір, 12:42

Фото: 24.kz

Испанияда соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деректерінің ең төменгі көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұған қоса, төртінші күн қатарынан індет құрбандарының саны да азайып келеді. Мәселен, жексенбіде 647 азамат көз жұмса, бір күннен кейінгі көрсеткіш 10 адамға кем болған. Десе де, Испания коронавирустың Еуропадағы негізгі ошағы болып отыр. Елде 137 мыңдай адам вирус жұқтырған. Өз кезегінде, Италияда жағдай мәз емес. Елде бірнеше күн бойы өлім көрсеткіші төмендей бастағанымен, күні кеше қайтыс болған науқастар саны қайтадан күрт өсті. Яғни соңғы тәулікте қаза тапқандар саны жексенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда бірден 100 адамға артты. Айта кетейік, бүгінде Италия вирус құрбандары бойынша әлемде бірінші орында тұр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации