Италия ең қажетті тауардан өзге өнім өндруді тоқтатты

22 наурыз, 13:21

Фото: ғаламтордан

Италия коронавирус індетінің өршіп кетуінен елдегі өндірісті тоқтатуға мәжбүр.​

Алматы, NEGE.  Италия билігі елдегі ең қажет деген тауардан өзге өнімнің өндірісін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Facebook арқылы елге жасаған бейнеүндеуінде  Италия премьер-министрі Джузеппе Конте хабарлады. 
Итальян премьері Covid-19 індетінен ауру жұқтырған 42 681 адамның 4 825-і көз жұмғанын айтты.

«Бұл Италияның басына Екінші дүниежүзілік соғыстан соң түскен үлкен зобалаң»,- деді Конте.

Италия үкіметінің басшысы өндірістерді тоқтату ауыр да болса амалсыз қолға алынған шара екенін айтады. Оның сөзінше, індетті тоқтатулың жалғыз амалы - неғұрлым көп адамды үйде ұстау

«Бұл оңай шешім емес. Біз аса қажет емес және экономикада шешуші рөл атқармайды деп тапқан өндірістің бәрін тоқтатамыз»,- деп хабарлады Конте.

Бұл шектеулердің азық-түлік дүкендері, пошта байланысы, банк және дәріханаларға қатысы жоқ. Өндірісті тоқтатуға қойылған шектеу 3-сәуірге дейін жалғасады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации