Испанияда төтенше жағдай ұзартылды

05 сәуір, 13:03

Фото: 24.kz

 Испанияда төтенше жағдай режимінің мерзімі тағы 15 күнге ұзартылатын болды. 

Алматы, NEGE. Осыған байланысты жақын арада ел премьер-министрі тиісті құжатты Парламентке жолдамақ. Бұл туралы Педро Санчес мемлекеттік телеарналарда хабарлады. Оның айтуынша, төтенше жағдай режимінің пайдасы байқалып жатыр. Мәселен,кейінгі кездері вирус жұқтырған науқастардың саны азая бастаған. Алайда қажет болса карантин режимінің тағы ұзартылу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации