Испанияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуде

15 наурыз, 10:04

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 1 500 жағдайы тіркелгенін жариялады. 

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда COVID-19 жұқтырғандардың саны 5 153 адамға жеткен. Испания Еуропа елдерінің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында тұр. Италияда қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асып кеткен.

Испания Үкіметі елде төтенше жағдай жариялағалы отыр. Бұған дейін корольдік тарихында ТЖ бір рет қана жарияланған. Айта кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропаның қазіргі таңда пандемия «эпицентрі» екенін жария еткен еді. Еуропаның бірнеше елі кейінгі күндері вирус жұқтырғандардың саны мен өлім-жітім жағдайы күрт өскенін хабарлауда.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации