Иранда жұма намазына баруға тыйым салынды

02 наурыз, 10:51

Фото: islam.ru

Ресми ақпаратқа қарағанда, Иранда соңғы бір тәулікте қаза болғандар 26-ға жетті. 

Алматы. NEGE. Коронавирусқа байланысты Тегеранда көпшіліктің жұма намазға жиналуына тыйым салынды. Елде вирус жұқтырғандар саны 245-ке жеткен. 

25 ақпанда COVID-19 вирусын Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи да жұқтырып алғаны анықталған.

Иран коронавирустан Қытайдан кейін ең көп адам көз жұмған ел.

Қазір коронавирус жұқтырғандардың әлем бойынша жалпы саны 87 мыңнан асты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации