Иранда коронавирустан ірі шенеунік көз жұмды

16 наурыз, 17:27

Фото: Anadolu

Иранда Сovid-19 ауруынан Иран сарапшылар Кеңесінің мүшесі Аятолла Хашим Батхаи Гюльпеягани қайтыс болды. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, ауру жұқтырған 78 жастағы Гюльпеягани емделіп жатқан ауруханада жан тапсырған.

Алматы, NEGE. Иранда коронавирус ауруы алғаш 19-ақпанда Кум қаласында тіркеліп, кейін бүкіл елге тараған еді. Иранның денсаулық сақтау министрлігі 724 адамның көз жұмғаны және 14 мың адамның ауру жұқтырғанын хабарлады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации