iPhone 12 қашан шығады?

31 шілде, 20:49

Фото: google.com

Apple компаниясы жаңа iPhone 12 телефонының презентациясын кейінге шегерді. Бұл туралы компанияның жаңа қаржы директоры Лука Маэстри айтты.

Алматы, NEGE. Осыған дейін жаңа iPhone телефондарының көрсетілімі қыркүйекте өтуі керек болған. 

Лука Маэстридің айтуынша, жаңа iPhone 12 телефонының презентациясы бірнеше аптаға кейінге шегерілген. Енді бұл шара осы жылдың қазанына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Apple 2020 жылдың үшінші тоқсанында 59,7 миллиард доллар пайда тапқанын мәлімдеді. Бұл  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға жоғары.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации