Індет жұқтырған депутат ауруханадан шықты

31 наурыз, 08:46

Фото: focus.ua

Жоғарғы Раданың «Слуга Народа» фракциясының депутаты Сергей Шахов коронавируспен емделгеннен кейін ауруханадан шығарылды. Бірақ ол әлі үй карантинінде болуы тиіс.

Алматы, NEGE. Бұл туралы депутат 30 наурызда өзінің Facebook парақшасындағы бейнемәлімдемеде былай деді:

«Жақсы сөзден бастайын. Мені ауруханадан шығарды. Әлі сынақ жасалмағанымен, өкпем қазірдің өзінде таза. Сондықтан мен үйге жіберуді өтіндім. Өйткені ауруханаға жатқысы келетін, жағдайы ауыр науқастар өте көп. Бұдан былай мені дәрігерлер үйден байқылайды».

Шаховтан коронавирус Франциядан оралғаннан кейін, наурыздың басында анықталды. Алайда саясаткер дереу оқшауланбады. Біраз уақыт парламентке барып, жиналыстарға қатысты. Осы уақытта 79 депутат онымен байланыста болған. Кейін оның барлығына тексеруден өтуге тура келді. 29 наурыз күні тағы бір депутат Владимир Ватрастың індет жұқтырғаны туралы ақпар тарады. Бірақ ол қауіпті инфекцияны Сергей Шаховтан жұқтырды ма, әлде басқа адамнан жұқтырды ма, бұл жағы белгісіз.

30 наурыздағы есеп бойынша Украинада коронавирустық инфекцияның 480 жағдайы тіркелді, 11 адам қайтыс болды. 25 наурызда украин билігі бір айға - 24 сәуірге дейін бүкіл елде төтенше жағдай режимін енгізді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации